Жиналыста мектеп пен ата-аналар комитетінің бірлескен жұмысы, сынып комитетінің қызметін үйлестіру мәселелері талқыланып, комитет төрағасы мен белсенділері сайланды. Сонымен қатар ата-аналарға жаңа оқу жылына арналған жоспар таныстырылып, мектептегі тәртіп пен қауіпсіздік ережелері еске салынды.
Мектеп пен ата-ананың ынтымақтастығы – әрбір оқушының табысты дамуының кепілі.