«Ерте жүктілік» тақырыбында түсіндірме әңгіме өткізілді
Бүгін мектебімізде оқушы қыздармен маңызды тақырыпта – ерте жүктілік жайлы ашық әңгіме өтті. Кездесу барысында қыз балалар өз денсаулығына қалай дұрыс қарау керек, ерте жүктіліктің салдары қандай болатыны туралы нақты мәліметтер алды.
Мектеп медбикесі және әлеуметік ұстазы жасөспірімдерге бұл мәселенің физиологиялық, психологиялық және әлеуметтік жақтарын қарапайым әрі түсінікті тілде жеткізіп, оқушыларды ашық пікір алмасуға шақырды.
Кездесу өте пайдалы әрі шынайы өтті. Қыз балалар өз ойларын айтып, көп сұрақтар қойды. Осындай кездесулер жастардың өз болашағына жауапкершілікпен қарауына жол ашады деп сенеміз!

