Сайыстың негізгі мақсаты – оқушылардың биология пәні бойынша алған білімдерін өмірмен байланыстыра отырып бекіту, логикалық ойлауын дамыту, зерттеушілік дағдыларын жетілдіру және топта бірлесіп жұмыс істеу қабілеттерін қалыптастыру. Сонымен қатар, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру көзделді.
Квест барысында қатысушылар түрлі тапсырмаларды орындап, өз білімдері мен белсенділіктерін көрсетті. Шара оқушыларға ерекше әсер қалдырып, қызықты әрі пайдалы өтті.

