#Адал_азамат #ДНММ — «Тайынша ауданының білім бөлімі» КММ «Қарағаш орта мектебі» КММ

#Адал_азамат #ДНММ

2026 жылғы 20 қаңтар күні мектебімізде қалыптасқан игі дәстүрге сәйкес, бірінші сабақтың алдында 1–11 сынып оқушылары «Денсаулықты нығайтуға ықпал ететін мектептер» (ДНММ) бағдарламасы аясында таңғы жаттығу орындады.
Аталған іс-шара оқушылардың оқу күніне сергек көңіл күймен кірісуіне және білім алу үдерісіне белсенді қатысуына ықпал етті.
Іс-шараның негізгі мақсаты — оқушылар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру, денсаулықты нығайту, дене дайындығын арттыру және жалпы сергектік деңгейін көтеру.
Достармен бөлісу
«Тайынша ауданының білім бөлімі» КММ «Қарағаш орта мектебі» КММ