#Адал_азамат #Заң_мен_тәртіп — «Тайынша ауданының білім бөлімі» КММ «Қарағаш орта мектебі» КММ

#Адал_азамат #Заң_мен_тәртіп

«Қарағаш орта мектебінде» «Адал азамат» бірыңғай тәрбие бағдарламасы аясындағы
«Заң және тәртіп» айлығы шеңберінде кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында мектепте көрсетілімдік сот отырыстары өткізілді.
Іс-шараның негізгі мақсаты — білім алушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, заң талаптарын сақтаудың маңызын түсіндіру және құқыққа қайшы әрекеттердің алдын алу. Көрсетілімдік сот отырысы барысында кәмелетке толмаған оқушыға қатысты қоғамдық тәртіпті бұзу және мектеп мүлкіне зиян келтіру жағдайы шартты түрде қаралды.
Оқушылар сот процесінің өту тәртібімен, оның қатысушыларының міндеттерімен және құқықтарымен танысты. Сонымен қатар құқық бұзушылықтың салдары, профилактикалық ықпал ету шаралары, кәмелетке толмағандардың жауапкершілігі, сондай-ақ отбасы мен мектептің тәрбиелік рөлі туралы кеңінен түсіндірілді.
Аталған іс-шара білім алушылардың құқықтық мәдениетін қалыптастыруға, өз әрекеттеріне жауапкершілікпен қарауға және заңға құрметпен қарауға ықпал етеді.
Достармен бөлісу
«Тайынша ауданының білім бөлімі» КММ «Қарағаш орта мектебі» КММ