Қарағаш орта мектебінде сенбілік өтті!



03.02.25 күні Қарағаш орта мектебінің оқушылары мен мұғалімдері аумақты тазарту мақсатында сенбілік ұйымдастырды. 
Барлығы бірлесіп, мектеп ауласын қоқыстан тазартып, гүлзарларды ретке келтірді. 





Бұл шара мектеп ауласын көркейтіп қана қоймай, оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруға да ықпал етті. 
Барлық белсенді қатысушыларға алғысымыз шексіз! 



