2026 жылғы 20 қаңтар күні мектебімізде қалыптасқан игі дәстүрге сәйкес, бірінші сабақтың алдында 1–11 сынып оқушылары «Денсаулықты нығайтуға ықпал ететін мектептер» (ДНММ) бағдарламасы аясында таңғы жаттығу орындады.
Аталған іс-шара оқушылардың оқу күніне сергек көңіл күймен кірісуіне және білім алу үдерісіне белсенді қатысуына ықпал етті.
Іс-шараның негізгі мақсаты — оқушылар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру, денсаулықты нығайту, дене дайындығын арттыру және жалпы сергектік деңгейін көтеру.

